Қазақстанда ірі қара малды өсіруде австралиялық технология қолданылмақ

Жауаптылардың айтуынша, алдағы жылы мемлекет тарапынан мал шаруашылығына қолдау күшейтіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ірі қара малды австралиялық технология бойынша өсіру жоспарланып отыр. Осы мақсатта Түркістан облысында қуаттылығы 50 мың бас ірі қараға арналған заманауи бордақылау кешенінің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жауаптылардың айтуынша, алдағы жылы мемлекет тарапынан мал шаруашылығына қолдау күшейтіледі. Осы мақсатта асыл тұқымдыларды көбейтуге арналған арнайы қаржыландыру бағдарламасы іске қосылмақ. Бұл бастамалар соңғы уақытта байқалған ет бағасының күрт өсуін тежеуге және нарықты тұрақтандыруға бағытталып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық сиыр етін шетелге экспорттауға қойылған шектеулер тағы 6 айға ұзартылған.

«Келесі жыл мал шаруашылығын дамыту жылы болады. Соңғы екі жылда біз егін шаруашылығына үлкен инвестиция салдық. Екі жыл қатарынан мол өнім алынды. Осы салаға берілетін несие көлемін арттырдық, егіннің өсу кезеңінде оны қорғау шараларын күшейттік», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Оқи отырыңыз: 2026 жылға шетелдік жұмыс күші квотасы бекітілді

Новости партнеров