Елімізде қоқыс өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру көлемі ұлғаяды
Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтармен (ҚТҚ) жұмыс істеу саласында инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қуаттарды құру мен жаңғыртуға, мамандандырылған техника паркін жаңартуға, сондай-ақ оларды кәдеге жаратудың жаңа технологияларын енгізуге басты назар аударылады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР экология және табиғат вице-министрі Жомарт Әлиев хабарлағандай, 2024 жылдан бастап жалпы сомасы 350 млрд теңгеге 67 жоба мақұлданды. Оның ішінде 15 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Іске асырылған 15 жоба шеңберінде 131 қоқыс тасушы сатып алынды, қуаттылығы жылына 290 мың тонна болатын 3 сұрыптау объектісі және жалпы қуаттылығы жылына 19 мың тоннадан асатын шиналар мен макулатураларды қайта өңдеу бойынша 3 объект іске қосылды. 500-ден астам жұмыс орны құрылды. Барлық жоспарланған 67 жобаны іске асыру 178 бірлік арнайы техника сатып алуға, сұрыптау қуатын жылына 2,3 млн тоннаға, ал қайта өңдеуді жылына 1,1 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді», – деді спикер.
Жомарт Әлиевтің айтуынша, ҚТҚ саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасына сұраныс қаржыландыру көлемінен екі есеге жуық артық. Мақұлданған жобалардың жалпы құны 349,8 млрд теңгені құрайды, сол кезде ағымдағы көзделген қаржыландыру 185 млрд теңгені құрайды.
«Өңірлердің қоқыс таситын көліктер паркін жаңарту, жаңа сұрыптау желілері мен қайта өңдеу қуаттарын іске қосу қажеттілігін ескере отырып, жобаларды қаржыландыру көлемін 385 млрд теңгеге дейін ұлғайту және бағдарламаны 2030 жылға дейін ұзарту, сондай-ақ аудандық және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға бағдарламаға өз қатысуынсыз қатысуға рұқсат беру жоспарланған», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бұдан басқа, 2031 жылдан бастап қайтарылатын қаражат жаңа жобаларды қаржыландыруға бағытталатын қаржыландырудың револьверлік тәсілін қолдану жоспарлануда.
Жомарт Әлиев ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салу бойынша өңдеу саласындағы жобаларды қолдау кәдеге жарату төлемі есебінен жеңілдікті қаржыландыру тетігі шеңберінде жүзеге асырылатынын еске салды. Қазіргі уақытта қарыздар өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы жылдық 3%-бен 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
«Мұндай жеңілдікті қаржыландыру алғаш рет бизнесті ҚТҚ реттеу мәселелерімен айналысуға ынталандыру үшін қолданылды. Қаржыландырудың негізгі бағыттары-отандық қоқыс таситын көліктерді сатып алу, сұрыптау кешендері мен қайта өңдеу қуаттарын салу», – деді экология және табиғи ресурстар вице-министрі.
Оқи отырыңыз: Цифрландыру және ЖИ: Қазақстан статистикасы қалай өзгеріп жатыр