Бұл – 33 миллион тоннадан астам қор
Елде малға азық жинау жұмыстары қыза түсті. Өңірлерде қажетті жем-шөптің 80 пайызы дайын тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл – 33 миллион тоннадан астам қор. Түркістан облысы 5 миллион тоннадан астам қорек жинап, аймақтар арасында көш бастаған. Одан кейінгі орынға Жамбыл облысы жайғасқан. Мұндағы қор 3 миллион 250 мың тонна.
Ал Алматы облысы 3 миллион 110 мың тоннамен үштікті түйіндепті. Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында көрсеткіш 3 миллион тоннаға жуықтаған.
Сонымен қатар малды қыс мезгілінде азықпен қамтамасыз ету үшін 200 мың тоннадан астам астық қоры жиналған. Қажет болған жағдайда бұл резерв шаруаларға жем-шөп ретінде беріледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстан сәндік көшет өндірісін дамытып, импортқа тәуелділікті азайтпақ