Қазақстанда халық денсаулығын қорғауға арналған Saqbol онлайн-картасы әзірленді

27.03.2026 17:54

Картада эпидемиологиялық, табиғи, климаттық және техногендік қауіптер туралы ақпарат жинақталған

t.me/ortcom_kz

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Эрик Байжүнісовтің айтуынша, халықтың жаһандық мобильділігі жағдайында жұқпалы аурулардың шетелден келу қаупі сақталады. Осы тәуекелдер туралы халықты ақпараттандыру және олардың алдын алу мақсатында Saqbol халық денсаулығына арналған қауіптер картасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty.tv

Орталық коммуникациялар қызметінен хабарлағандай, картада Қазақстанда және шетелде эпидемиологиялық, табиғи, климаттық және техногендік қауіптер туралы ақпарат жинақталған.

«Қазақстан азаматтары жиі баратын елдер бойынша жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі ұсынымдар әзірленген. Осы ұсынымдарды сақтау жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупін төмендетуге және инфекциялардың елге әкелінуінің алдын алуға мүмкіндік береді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Мектептерде Денсаулық күндері өтеді 

Спикер сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1-7 сәуір аралығында еліміздің барлық мектебінде Денсаулық күндерін өткізетінін еске салды.

Іс-шара аясында танымал тұлғалар, жұлдыздар мен спортшылар жастарға үлгі көрсетіп, өз өмір жолдары мен жетістікке жету тәжірибелерімен бөліседі. Бұл бастама оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың тиімді құралы болмақ.

«Осы апталық аясында әр оқушыға салауатты өмір салтының негіздерін түсіндіріп, оны қалыптастыруды дәстүрге айналдырсақ, оның пайдасы зор болар еді. Бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласын дамытуға үлкен серпін береді», – деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Эрик Байжүнісов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оқи отырыңыз: Цифрлық трансформация: ЖИ ұлттық платформасының мүмкіндіктері таныстырылды