Қазақстанда киберқылмысқа қарсы жаңа шаралар қабылданды

21.10.2026 12:54

Еліміз киберқылмысқа қарсы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

t.me/ortcom_kz

ҚР ІІМ өткен және ағымдағы жылы мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамалық және ұйымдастырушылық шешімдер іске асырылды. Атап айтқанда, онлайн-қарыздарды рәсімдеу және SIM-карталарды тіркеу кезінде тұтынушылық кредиттер беруге қойылатын талаптар күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«Өткен аптада Мемлекет басшысы біз әзірлеген «Еуропа Кеңесінің киберқылмысқа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» Заңына қол қойды. Ол конвенцияға қатысушы елдермен жедел өзара іс-қимыл жасауға және ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, «БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» Заң жобасы әзірленді. Ол қазір Құрылтайдың қарауына ұсынылды», – деді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, қабылданып жатқан шаралар жедел жағдайды тұрақтандыруға және интернет-алаяқтықтарды тіркеуді төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ведомство өкілі азаматтарды қырағы болуға, растау кодтары мен қол жеткізу деректерін бөгде адамдарға хабарламауға, күдікті қоңыраулар немесе аударымдар кезінде құқық қорғау органдарына және өз банкіне дереу жүгінуге шақырды.

Оқи отырыңыз: Цифрлық технологиялар Қазақстанның ауыл шаруашылығын қалай өзгертуде

Толық көрсету