Қазақстанда кімдер әскерге шақырылмайды - министрлік жауабы

20.11.2025 16:51

Жүйе әскери міндеттен босатылатын барлық санатты автоматты түрде анықтайды

Аlmaty.tv

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, “Smart военкомат” жүйесі әскерге шақыртылуға жатпайтын азаматтарды автоматты түрде анықтап, оларды шақырту тізімінен шығарады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл үшін азаматтардың ешқайда барып, құжат жинауы қажет емес.

Әскерге бармайтын санатқа кім жатады:

1. Студенттер

  • Университеттер мен колледждерде күндізгі бөлімде оқып жүрген азаматтарға шақырту жіберілмейді.
  • Олар тек “оқуда болғандықтан әскерден босатылдыңыз” деген SMS алады.
  • Егер студент академиялық демалыс алса, әскери қызметке баруына рұқсат етіледі.

2. Денсаулығы жарамсыз азаматтар

  • Медициналық көрсеткіштері бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар.
  • Мүгедектігі бар азаматтар да автоматты түрде тізімнен шығарылады.

3. Әскерге шақырудан заң бойынша босатылған басқа санаттар

Ахмедиевтің айтуынша, жүйе әскери міндеттен босатылатын барлық санатты автоматты түрде анықтайды және оларды шақырту процестеріне қатыстырмайды.

Бұрын бұл азаматтардың барлығы военкоматқа келіп, өз құқығын дәлелдеу үшін анықтамалар өткізетін. Қазір олардың 1 миллионнан астамы енді ешқайда бармайды. Жүйе бәрін өзі тексереді.

Оқи отырыңыз: Еліміздегі тасжолдар бойында заманға сай дәретханалар салынбақ