Бүгінде қорғаныс шаралары еліміздің 13 өңірінде жүргізіліп жатыр
Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ауыл шаруышылығы министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда қорғаныс шаралары еліміздің 13 өңірінде жүргізілуде.
Өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және өзге де материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 700 мың гектар жер химиялық өңдеуден өткізілді, бұл жоспарланған 2,2 млн гектар көлемнің 31,8%-ын құрайды.
Өңдеу жұмыстарын жүргізуге 236 бірлік мамандандырылған бүрку техникасы жұмылдырылды.
Жұмыстардың орындалу қарқыны Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында жоғары деңгейде байқалуда.
Мониторинг нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдану деректері тіркелген жоқ.
Республика аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы мониторингтік зерттеулер мен химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық студент Қытайдағы халықаралық WorldSkills турнирінде топ жарды