Қазақстанда сирек металдан жасалған коллекциялық монета айналымға шығады

nationalbank.kz
nationalbank.kz

Коллекциялық монеталар 12 қазаннан бастап сатылымға шығады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Nb (ниобий)» коллекциялық монетасын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттын банк мәліметінше, коллекциялық монеталар 2026 жылғы 12 қазаннан бастап ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

Коллекциялық монета туралы

Ниобий – сирек кездесетін металл, атом нөмірі – 41. Ол металлургияда, электроникада, сондай-ақ аэроғарыш пен атом өнеркәсібінде қолданылады. Монета атауы ежелгі грек мифологиясының кейіпкері және Танталдың қызы Ниобаның есімімен аталады.

925 сынамалы күмістен жасалған монетаға ниобий орнатылған. Салмағы – 32,8 грамм (925 күмісінің салмағы – 31,1 грамм, ниобий элементінің салмағы – 1,7 грамм), диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000  (бір мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ елдегі барлық банкте банк шотына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Оқи отырыңыз: 11 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр