Қазақстанда әскери барлау қызметінің құрылғанына 34 жыл толды

05.11.2026 10:52

Бүгін Қарулы күштерде Әскери барлаушы күні аталып өтіп жатыр 

Аlmaty.tv

Қарулы күштерде 5 қараша – Әскери барлаушы күні аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның әскери барлау тарихы 1992 жылғы 5 қарашадан басталады. Дәл осы күні еліміздің Қарулы күштері құрамында алғашқы барлау бөлімшесі құрылды.

Әскери барлау елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бұл қызметтің негізгі міндеттері – барлау ақпаратын уақтылы жинау және талдау, қалыптасқан жағдайды бағалау, ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау.

Әскери барлаушы болу жоғары кәсіби даярлықты, сараптамалық ойлау қабілетін, сабырлылықты және күрделі әрі тәуекелі жоғары жағдайларда жедел әрекет етуді талап етеді.

Отанға адал қызмет ету, әскери борышқа беріктік, кәсібилік пен жауапкершілік – әскери барлаушылар ұстанатын басты қағидаттар.

Оқи отырыңыз: Алматыда Абай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Толық көрсету