Қазақстанда әскерилердің отбасы пойызбен тегін жол жүре алады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ұлттық ұланда әскери қызметшілерге арналған жаңа әлеуметтік бастама таныстырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне пойызбен тегін қатынау құқығын іске асыруға арналған жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара барысында жаңа әлеуметтік бастаманың мазмұны түсіндіріліп, оны өңірлерде тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды.

1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойыздарымен тегін жол жүре алады. Бұл бастама әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және отбасымен бірге сапарлау мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі Айнұр Базарбаеваның айтуынша, жеңілдік тек Қазақстан ішіндегі пойыз бағыттарына қолданылады, ал шығындар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы есебінен өтеледі. Сонымен қатар жиын барысында жеңілдікті пайдалану кезінде туындауы мүмкін техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер де қаралды.

Іс-шара қорытындысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов бұл бастаманың әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын арттырып, демалысты жоспарлауға және жол шығындарын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Атырауда ер адамды қатыгездікпен соққыға жыққандардың видеосы тарады

 

Новости партнеров