Цифрлық валютаның әр түріне қатысты бірнеше жоба бар
Қазақстанда стейблкоиндерді төлем құралы ретінде пайдалану үшін бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Ұлттық банктің дерегінше, елде цифрлық активті шығару үшін қажетті реттеуші база 1 мамырдан бастап толық жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазір цифрлық валютаның әр түріне қатысты бірнеше жоба бар. Солардың бірі - Telegram-дағы әмиян. Оның көмегімен стейблкоин сатып алуға, сатуға және QR-код арқылы төлем жасауға болады. Бұдан бөлек, оны трансшекаралық есеп айырысуда пайдалану бойынша да жобалар бар.
«Қазақстанда стейблкоиндер толық мойындалып, шығарылып, қолданыста жүр. Сонымен қатар оны трансшекаралық есеп айырысуда пайдалану бойынша да жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қолданыстағы реттеу моделі шетел валютасындағы стейблкоиндерді шығаруға шектеу қоймайды. Мұның бәрі оларды қандай мақсатта және қандай сценарий бойынша қолдануға байланысты», – деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов.
Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды