Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынбақ: жоба қашан аяқталады

16.09.2026 13:13

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті

Depositphotos.com

Төртінші мұнай өңдеу зауаты жылына 10 млн тонна мұнай өңдейді. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv

"Қазақстанда жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдеу қуаттылығына ие жаңа — төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жобасы бойынша практикалық жұмыстар жалғасып жатыр. 2026 жылғы мамырда жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары басталды", — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Жобаны іске асыру аясында 2026-2033 жылдары жаңа МӨЗ-дің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, жобалау, салу және пайдалануға беру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу ескерілген.

"Жоба іске асырылғаннан кейін, Қазақстандағы мұнай өңдеудің жиынтық қуаты жылына шамамен 40 млн тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін. Қазіргі уақытта объектіні орналастырудың түрлі нұсқалары қарастырылып жатыр. Құрылыс орны мен жобаның құнына қатысты түпкілікті шешім тиісті жобалау алдындағы зерттеулердің нәтижелері бойынша қабылданады. Осыған байланысты қазіргі кезеңде нақты өңірді және инвестицияның түпкілікті көлемін атау әлі ерте", — делінген ведомство мәліметінде.

Оқи отырыңыз: Сеулдегі этноауылда қазақтың салт-дәстүрі таныстырылды
 

Толық көрсету