2026 жылдың басынд ЖИ-Co-pilot жүйесін пилоттық режимде енгізу жоспарланып отыр
Мемлекет нақты салынып жатқан құрылыс нысандарын бекітілген бас жоспарлармен салыстыра отырып тексеру үшін дрондар мен ЖИ алгоритмдерін қолданатын цифрлық экожүйені енгізуде. «Қағаз хаосынан» цифрлық бақылауға көшу туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Үкіметтің жыл қорытындысы бойынша өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Негізгі құрал мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі боп қала бермек. Жүйе нақты уақыт режимінде заңбұзушылықтарды анықтауға және деректерді Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (МСҚИ) жіберуге мүмкіндік береді.
«Осы жылдың соңында сәулеттік-жобалау тапсырмаларын беруден бастап техникалық шарттарды беруге дейінгі барлық негізгі қызметтер цифрландырылады. 2026 жылдың басында цифрлық бас жоспарларды жүзеге асыруды автоматты түрде бақылау үшін ЖИ-Co-pilot жүйесін пилоттық режимде енгізу жоспарлануда», — деді вице-министр.
Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыруды жұмыссыз қалғанда сақтап қалуға бола ма