Бүгін Мәжіліс тиісті заң жобасын қарауға алды
Қазақстанда жеке детективтер пайда болуы мүмкін. Бүгін Мәжіліс тиісті заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды Almaty.tv
Депутаттар бұл құжат азаматтарға өз құқығы мен заңды мүддесін қорғауға көбірек мүмкіндік беретінін айтады. Яғни, халық қажет болған жағдайда жеке детективтің көмегіне жүгіне алады. Ал жеке детективтер жинаған айғақтар сотта дәлел ретінде қарастырылуы мүмкін. Заң олардың жұмысын реттеп, қызметін заң шеңберінде жүргізуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, елімізде жеке ізкесушілер бар болғанымен, олардың қызметі нақты заңмен реттелмеген. Олар көбіне құжаттарға сараптама жасап, талдау жүргізумен айналысады. Детективтердің деректері сотта негізгі дәлел ретінде қабылданбайды.
«Заң жобаларында жеке детективтік қызметтің негізгі ұғымдары, сондай-ақ оны жүзеге асырудың қағидаттарын, міндеттері мен тәртібін көздейді. Сондай-ақ детективтік агенттіктер мен детективтердің құқықтық мәртебесін, олардың қызметін лицензиялау мен мемлекеттік реттеуді белгілейді», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.
Оқи отырыңыз: Азық-түлік бағасы неге қымбаттады - министр жауап берді