Автомобиль жолдарының бойында 170-тен астам модульдік санитариялық-гигиеналық торап орнатылған
Қазақстанда жол бойындағы сервисті жүйелі түрде жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1 429 нысан жұмыс істейді. Қазіргі таңда оның 1 340-ы немесе 94%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді, ал 2026 жылы бұл көрсеткішті 95%-ға жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жұмыс тек қолданыстағы нысандарды белгіленген талаптарға сәйкестендірумен шектелмей, жүргізушілер мен жолаушылар үшін жаңа инфрақұрылым құруды да қамтиды. Биыл қосымша автожанармай құю станцияларын, қоғамдық тамақтану орындарын және санитариялық-гигиеналық тораптарды салу және орнату жоспарлануда.
Санитариялық инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінуде.
Қазіргі уақытта автомобиль жолдарының бойында 170-тен астам модульдік санитариялық-гигиеналық торап орнатылған. Сонымен қатар демалыс алаңдары мен аялдама павильондарында жүргізушілер мен жолаушыларға тәулік бойы қолжетімді 900-ден астам тегін санитариялық нысан жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Елде әр кәсіпкердің цифрлық профилі жасалады