Маусым басынан бері 2 562 тұмау жағдайы расталды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова гонконг тұмауының өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ведомство басшысының айтуынша, эпидемиологиялық маусым дәстүрлі уақытынан ерте – 1 қыркүйектен басталып, елімізде шамамен 2,6 миллион ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен маусыммен салыстырғанда 3%-ға көп.
«Соңғы аптада сырқаттану 1,4 есе төмендеді, бұл вирус инфекциясының төмендегенін білдіреді. Маусым басынан бері 2 562 грипп жағдайы расталды. Көп жағдайда бұл А вирусы (H3N2), яғни «Гонконг тұмауы» біздің дәрігерлерге жақсы таныс. Сонымен қатар осы кезеңге тән басқа респираторлық вирустардың айналымы да жалғасып жатыр», – деді министр.
Министр елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша қазіргі деректерді келтірді: 10 облыста 97 мектептегі 317 сынып уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілген. Пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін ПМСП деңгейінде 1 143 мобильді бригада, 1 517 фильтр кабинеті, соның ішінде жүкті әйелдер мен балаларға арналған 638 кабинет ұйымдастырылған. Шұғыл көмек көрсетуге 684 кабинет дайындалған, ал азаматтарды кеңес алу үшін 1 057 колл-орталық жұмыс істеп тұр.
ДСМ басшысы маусымдық ЖРВИ өршу кезеңінде қарапайым, бірақ тиімді алдын алу шараларын сақтау қажет екенін ескертті: қолды жиі жуу, бөлмелерді желдету, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу. Ал алғашқы белгілер пайда болса, өздігінен емделмей, өз поликлиникаңыздағы дәрігерге жүгіну ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Ұйқы безінің қатерлі ісігі туралы нені білу қажет