2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 516 мың адам
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 512,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 триллион 137,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 375,5 миллиард теңге қарастырылған.
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 516 мың адам.
"2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгеге тең, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 167 теңге, базалық зейнетақы – 47 577 теңге", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 19 қарашада республика бойынша қандай жолдар жабық