Қазақстандық су саласының 25 маманы Қытай Халық Республикасында ирригация жүйелерін жаңғырту, су шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу және шағын гидроэнергетиканы дамыту бағыттары бойынша білім алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Су ресурстары және иррригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу іс-шараларын Қытай Халық Республикасы Су ресурстары министрлігінің Ауылдық жерлерді электрлендіру ғылыми-зерттеу институты және Шағын гидроэнергетика жөніндегі Азия-Тынық мұхиты оқу-зерттеу орталығы (HRC) ұйымдастырған.
14 қазанда «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдерге арналған су ресурстарын басқару және экологиялық орнықты шағын гидроэнергетиканы дамыту» және «Дамушы елдерге арналған су шаруашылығы технологиялары» тақырыптарындағы семинарлар басталды. Оқу іс-шаралары 27 қазанға дейін жалғасады.
Бұған дейін, 9-22 қыркүйек аралығында Ханчжоу қаласында «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдерге арналған ирригация аудандарын салу және басқару» және «Азия елдеріне арналған ірі және орта ирригация аудандарын жаңғырту және орнықты дамыту» тақырыптарында семинарлар өткен.
Қазақстандық мамандар Қытайдың ирригация инфрақұрылымын салу, жаңғырту және пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығында суды пайдалану тиімділігін арттыру бағытындағы тәжірибесін зерделеп жатыр. Ирригация аудандарын жаңғыртуға, суды есепке алу технологияларына, сорғы станцияларының жұмысына және суару жүйелерін басқаруда цифрлық шешімдерді қолдануға ерекше назар аударылып отыр.
Сонымен қатар орнықты дамуды қамтамасыз ету және су ресурстарын сақтау мақсатында шағын су электр станцияларын салу мен оларды тиімді пайдалану жөніндегі Қытай тәжірибесі де қарастырылуда.
Бағдарлама теориялық сабақтар мен тәжірибелік нысандарға баруды қамтиды. Қатысушылар су шаруашылығы инфрақұрылымын пайдалану және жаңғырту тәжірибесімен, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың заманауи технологияларын қолдану тәсілдерімен танысады. Семинарлар аясында ирригация жүйелерін дамыту, су үнемдеу және суды тиімді басқару мәселелері бойынша қытайлық сарапшылармен тәжірибе алмасу да ұйымдастырылды.
-Бағдарлама теориялық сабақтар мен тәжірибелік нысандарға баруды қамтиды. Қатысушылар су шаруашылығы инфрақұрылымын пайдалану және жаңғырту тәжірибесімен, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың заманауи технологияларын қолдану тәсілдерімен танысады. Семинарлар аясында ирригация жүйелерін дамыту, су үнемдеу және суды тиімді басқару мәселелері бойынша қытайлық сарапшылармен тәжірибе алмасу да ұйымдастырылды, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.