Қазақстандықтар әлеуметтік маңызды қосымшаларды тегін пайдалана алмақ

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сонымен қатар абоненттік құрылғыларды верификациялау жөніндегі қызмет мемлекеттік реттеуге беріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтарға әлеуметтік маңызы бар қосымшаларды тегін пайдалануға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтің айтуынша, қабылданған заңға сәйкес азаматтарға әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар мобильді қосымшаларға тариф есептемей пайдалану мүмкіндігі беріледі.

«Олардың қатарында eGov, eGov Business, eOtinish, Aitu және т.б. қосымшалар бар. Толық тізім келісу сатысында», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар абоненттік құрылғыларды верификациялау жөніндегі қызмет мемлекеттік реттеуге беріледі.

Ұялы телефондарды тексеру тетігі енгізілгеннен кейін бір жыл өткен соң оң динамика байқалады.

Осы уақыт ішінде қолданыстағы жүйенің кемшіліктері туралы қажетті мәліметтер жиналып, оларды Құрылғыларды верификациялаудың жаңа қағидалары аясында жою жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда цифрлық жүйелердің киберқауіпсіздігіне міндетті аудит жүргізу енгізіледі