Қазақстанда цифрлық жүйелердің киберқауіпсіздігіне міндетті аудит жүргізу енгізіледі

t.me/ortcom_kz
t.me/ortcom_kz

Сонымен қатар аса маңызды объектілер ҰҚК бақылауына өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында елімізде алғашқы рет «Цифрлық кодекс» және «Киберқауіпсіздік туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл құжаттар цифрлық инфрақұрылым мен азаматтардың дербес деректерін қорғаудың бірыңғай құқықтық негізін қалыптастырады. Бұл туралы ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Жаңа заңнамалық нормалар жұмыс берушілер мен қызметкерлердің киберқауіпсіздік талаптарын міндетті түрде сақтауын, мемлекеттік органдар мен аса маңызды объектілердің қызметкерлерін киберқауіпсіздік мәселелеріне жыл сайын оқытуды, сондай-ақ цифрлық жүйелерге тұрақты аудит жүргізуді көздейді.

«Цифрлық инфрақұрылымның ішкі және сыртқы қауіптерден қорғалу деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін цифрлық объектілер иелерінің цифрлық жүйелердің киберқауіпсіздігіне жыл сайын аудит жүргізу міндеті енгізілді. Сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілер жыл сайын Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитетке киберқауіпсіздік аудитін жүргізу туралы есептерді жіберуге тиіс. Бұрын мұндай міндет болмаған», – деді спикер.

Сонымен қатар аса маңызды объектілер ҰҚК бақылауына өтеді, бұл аса маңызды цифрлық объектілердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда инженерлік білім берудің жаңа моделі құрылып жатыр