Қазақстанға қоныс аударушыларға қандай қолдау көрсетіледі

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Министрлік көшу мен бейімделуге бағытталған қолдау шаралары бірнеше бағытты қамтитынын хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қоныс аударушылар мен қандастарды қолдау аясында 471 отбасыға 4,5 млн теңгелік тұрғын үй сертификаты берілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көшу мен бейімделуге бағытталған қолдау шаралары бірнеше бағытты қамтитынын хабарлады.

— Қоныс аударушылар мен қандастарға көшуге біржолғы төлемдер, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу, жұмыс берушілерге субсидия беру, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттарын ұсыну көзделген, — делінген министрліктің ресми жауабында.

Сонымен қатар қоныс аударған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі де оң шешіліп жатыр:

  • Еңбекке жарамды жастағы азаматтар саны — 2 982 адам;
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 1 756 адам;
  • Кәсіпкерлікпен айналысып жүргендер — 45 адам;
  • Мемлекеттік грант алғандар — 31 адам.

Министрлік мәліметінше, мемлекеттік қолдау аясында:

  • көшу кезінде отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы төлем беріледі;
  • тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге байланысты шығындарды өтеу үшін бір отбасына ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін, 12 ай бойы төлем қарастырылған;
  • қоныс аударуға жәрдем көрсеткен жұмыс берушілерге 400 АЕК көлемінде субсидия беріледі;
  • қоныс аударушылар қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі;
  • жұмысқа орналасуға немесе кәсіп бастауға қолдау көрсетіледі, оның ішінде экономикалық мобильділік сертификаттары беріледі.

Оқи отырыңыз: Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі жаңартылып, жұмысын қайта бастайды

Новости партнеров