Қазақстанның білім беру саласында жарты миллионға жуық әйел еңбек етеді

06.03.2026 10:25

Бұл көрсеткіштер білім беру саласында әйелдердің рөлі ерекше екенін айқындайды

Аlmaty.tv

Қазақстанның білім беру жүйесінде 492 938 әйел педагог жұмыс істейді. Бұл – елдегі білім саласының басым бөлігін нәзік жандылар құрайтынын көрсетеді,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Статистикаға сәйкес, педагог-әйелдердің ең көп бөлігі орта білім беру ұйымдарында қызмет етеді. Атап айтқанда, мектептерде 342 352 мұғалім еңбек етеді.

Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 101 789 әйел-педагог жұмыс істейді.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 29 117 әйел маман қызмет атқарады.

Бұдан бөлек, қосымша білім беру ұйымдарында 13 239 әйел-педагог еңбек етеді.

Түзету-білім беру ұйымдарында 2 382 әйел маман жұмыс істесе, арнайы білім беру ұйымдарында 4 059 әйел-педагог балаларға білім мен тәрбие беріп келеді.

Жалпы, бұл көрсеткіштер білім беру саласында әйелдердің рөлі ерекше екенін және олардың жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда маңызды үлес қосып отырғанын айқындайды.

Оқи отырыңыз: Үкіметте азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорт мәселелері талқыланды