Қазақстанның екі терминалы ЭСКАТО құрғақ порттары қатарына қосылды

19.11.2025 09:00

Бұл шешім Қазақстанның БҰҰ-ның ресми инфрақұрылымдық карталарындағы көрінісін кеңейтіп, елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады

Depositphotos

Қазақстандық Dostyk Trans Terminal терминалы мен GLOBAL CITY сауда-логистикалық кешені БҰҰ ЭСКАТО-ның құрғақ порттар жөніндегі үкіметаралық келісімінің тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бангкок қаласында (Тайланд) БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) «құрғақ порттар» жөніндегі жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті.

"Отырыс қорытындысы бойынша Dostyk Trans Terminal терминалы мен GLOBAL CITY сауда-логистикалық кешенін ЭСКАТО-ның құрғақ порттар жөніндегі Үкіметаралық келісімінің тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім Қазақстанның БҰҰ-ның ресми инфрақұрылымдық карталарындағы көрінісін кеңейтіп, елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қостанайда алаяқтар кәсіпкердің 24 миллион теңгесін жымқырған

 

Теги: экономика