Қазақстанның IT-экспортының көлемі 1 млрд долларды құрады

26.12.2025 19:32

Үкімет бір жылдағы жұмысын қорытындылады

primeminister.kz

Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытудың негізгі элементі Astana Hub экожүйесі болып қала береді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ведомствоның бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Оның айтуынша, бұл алаң бүгінде екі мыңға жуық IT-компанияны біріктіреді. 2025 жылы хаб желісі 20 аймақтық және 4 халықаралық сайтты қамтиды. Қатысушылардың табысы 800 млрд теңгеге жетіп, 20%-ға өсті, ал елдің IT-экспортының көлемі $1 млрд құрады.

«Халықаралық хабтар арқылы 100-ден астам қазақстандық стартап шетелдік нарықтарға шықты. Экожүйеде аймақтың алғашқы технологиялық "сыңармүйіз" компаниясы пайда болды, ол – Higgsfield.ai. Ал венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін мақсатты көлемі $1 млрд болатын Qazaqstan Venture Group құрылды, қазіргі уақытта $115 млн қаражат тартылды», — деп толықтырды Жаслан Мадиев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан цифрлық даму бойынша жаһандық рейтингте жоғарылады