Қазақстанның қай өңірінде қант бағасы арзан

12.01.2026 10:00

Кей өңірде баға құбылмалы болып тұр

Depositphotos.com

Елімізде қант бағасы құбылмалы болып тұр. Тұрмыста да, өндірісте де сұранысқа ие болған соң тұтынушылар оның бағасы үнемі назарда ұстайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап

Еліміздің кейбір қалаларынан қанттың келісін 360-390 теңгеге сатып алуға болады. Қазіргі кезде Орал, Ақтау, Ақтөбе мен Атырау қалаларында баға төмен. Бұл өңірлерде қант қолжетімді әрі кез келген жерден сатып алуға болады.

Ал Павлодар, Талдықорған, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Өскемен, Астана, Петропавл, Қостанай, Қонаев пен Түркістанда қанттың келісі 400-550 теңге аралығында. Тараз қаласындағы бағаны өзгелерге салыстыруға келмейді. Мұнда қанттың келісі 1 000 теңгеге дейін барады. Демек баға өзге өңірлерге қарағанда шамамен екі есеге жоғары.

Сонымен бірге кейбір өңірде баға құбылмалы болып тұр. Мәселен Түркістан мен Қонаевта қанттың келісі 370 теңгеден басталып, 550 теңгеге дейін жетті. Ал арнайы қорапқа салынған шақпақ қант бағасы одан да қымбат.

Айтып өтейік, Қазақстанда қант жасау кезінде қызылша мен қант құрағы шикізат ретінде қолданылаы. Қант құрағынан дайындалған қант қоңырқай әрі тәтті болып келеді. Оны көбіне табиғи әрі хош иісті деп қабылдайды. Ал қызылшадан әзірленген қант ақшыл әрі дәмі қатты тәтті болмайды. Осыған қарамастан екі қанттың да бағасы шамалас болып келеді. Тек кейбір өңірде логистика мен сұранысқа байланысты құны жоғары болуы мүмкін. Бөлшек саудада көбіне қызылшадан жасалған қант сатылады.

Қорытындыласақ, қант сатып алғанда оның бағасына ғана емес, сапасына, түріне де мән беру керек. Сонымен бірге өңірлерде баға әлі де өзгеріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Он тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жас полиглоттың арманы қандай