Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енді

facebook.com/karin.erlan
facebook.com/karin.erlan

Бұған дейін бұл тізімге тоғызқұмалақ ойыны қосылған болатын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақтың дәстүрлі «Ою-өрнегі» ресми түрде ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлім еткендей, тиісті шешім 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында қабылданды.

«Ою-өрнек – мәдени бірегейлігіміз бен тарихи сабақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін негізгі этномәдени код. Ою-өрнектің ИСЕСКО-ның беделді тізіміне енуі – Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңызды қадам», - деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында 

Айта кетейік, бұған дейін, яғни 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің басты нышандарының біріне айналған дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны қосылған болатын.

Президенттің Ұлттық құрылтай отырыстарында берген тапсырмаларына сәйкес, Қазақстанның мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО және ИСЕСКО тізімдеріне енгізу жұмысы жалғасатын болады.

Оқи отырыңыз: «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы құрылды

Новости партнеров