Қазақы тазы әлем чемпионы атанды

Әлемнің ондаған елінен қатысушылар жиналған беделді іс-шарада Қазақстан ұлттық тұқымның тарихы мен ерекшеліктерін таныстырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақы тазы әлем чемпионы атанды. Асыл тұқымды иттер Италияда өткен халықаралық көрмеде топ жарып, төрешілердің жоғары бағасын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Әлемнің ондаған елінен қатысушылар жиналған беделді іс-шарада Қазақстан ұлттық тұқымның тарихы мен ерекшеліктерін таныстырды. Көрме қорытындысы бойынша тазылар Лашын мен Рея Әлем чемпионы атанса, Челси мен Табиғат «Жас әлем» чемпионы атағын иеленді. Мамандар бұл жетістік жеті қазынаның бірі – қазақ тазысының әлемдік деңгейде танылуына жол ашатынын атап өтті

«Мақсат – бүкіл әлемге таныту. Бүкіл әлемге тазының тұқымы, ерекшелігі, оның тарихы туралы ақпаратты жеткізу», – деді Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали.

 Әлемнің түкпір-түкпірінен келген кинологтар мен сарапшылар қазақы тазының бірегей қасиеттеріне қызығушылық танытты. Ал Қазақстан тарапы алдағы уақытта да тұқымды сақтау және оны халықаралық дәрежеде дәріптеу жұмыстарын жалғастырмақ.

Айта кетейік, қазақы тазы мен төбетті көбейту Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүйелі түрде іске асып келеді.¤

«Әлем танып жатыр. Дүниежүзіне асыл мұрамыз туралы ақпарат беріп, ұлттық құндылығымызды дәріптей беру маңызды деп ойлаймын», – деді хэндлер Әнуар Әлжанов

.«Жасап жатқан жұмыстарыңыз ғажап! Ұлттық стендтеріңіз де ең үздік деген атаққа лайық деп ойлаймын», – деді халықаралық төреші Дайан Стюарт Ричи.

Оқи отырыңыз: Еңбек етсең, бәрі мүмкін: Елдос Сметов туралы кітап шықты

Новости партнеров