Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасы Дамир Сейсембеков айтты
Қазан айында әуе компаниялардың бірінде ұшақ бортында интернет іске қосылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасы Дамир Сейсембеков айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның сөзіне қарағанда, ұшақ бортында Wi-Fi желісін іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылданып қойған.
"Бұл бағытта компаниямен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Интернет жүйесімен жабдықталған алғашқы ұшақтар қазан айында пайда болады деп жоспарланған", — деді Дамир Сейсембеков Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол интернет құнына қатысты мәселе әуе компаниясының құзыретіне жататынын мәлім етті.
"Төлем мәселесін компания қосымша түсіндіреді. Олардың мәлімдемелеріне сүйенсек, компанияда түрлі бонустық жүйелер қарастырылған", — деді комитет басшысы.
Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды