Қажылық-2026: ҚМДБ дайындықты бастап кетті

10.04.2026 15:25

Биылғы қажылық сапары 15 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді

Almaty.tv

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы қажылыққа дайындықты бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Биылғы маусымда конкурстық негізде қажыларды тасымалдау жұмыстары Қазақстандық Air Astana және SCAT, сондай-ақ Саудиялық Flyadeal әуекомпанияларымен жүзеге асады.

Ұшу рейстері еліміздің ірі мегаполистері – Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей Джидда мен Мәдина қалаларына бағытталады. Қажылардың елге қайту сапары да осы екі қаладан кезең-кезеңімен жоспарланған.

Биылғы қажылық сапары 15 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: Елде бензин тапшылығы жоқ