ҚМА «Mellstroy» лақап атымен танымал блогерге қатысты тергеуді бастады.

17.11.2025 15:25

Агенттіктің дерегінше, Андрей Бурим онлайн-казиноны жарнамалау үшін әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған

Қаржылық мониторинг агенттігі «Mellstroy» лақап атымен танымал Беларусь блогері Андрей Буримге қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол әлеуметтік желі арқылы онлайн-казиноны насихаттап, жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Сот Буримге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Агенттіктің дерегінше, блогер онлайн-казиноны жарнамалау үшін әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіруді ұсынған.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында заңсыз құмар ойындарды жарнамалағандарға әкімшілік жауапкершілікпен қатар, қылмыстық жаза да қарастырылған.

«Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар 2025 жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оөи отырыңыз: Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған бойжеткен аман қалды