Келесі жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталады
ҚМДБ 2027 жылғы діни мерекелердің күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кестеге сәйкес, келесі жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Ал Ораза айт 9 наурызға сәйкес келеді.
Қасиетті Қадір түні 5 - 6наурызға қараған түні болады. Құрбан айт 16мамырдан 18 мамырға дейін жалғасады.
Арапа күні 15 мамырға белгіленген. Басқарма мәліметінше, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Ғылымға серпіліс: ғалымдарға алғаш рет «Қаныш Сәтбаев» медалі табысталды