Кәмелетке толмаған балаларды арнайы орталыққа жіберу тиімді ме

14.05.2025 21:58

Алматыда жыл басынан бері жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 6 рет жалпықалалық және республикалық профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде 9 мың 170 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, кәмелетке толмаған 240 бала арнайы есепке қойылған. Қиын жағдайға тап болған 337 жасөспірім балаларды қолдау орталығына орналастырылған. Ал құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін 1000-нан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіледі? Оларды қауіптен қалай қорғаймыз? Бұл сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Полиция департаменті, жергілікті полиция басқармасының орынбасары Айтан Елеусізов жауап береді.