Референдумға дейін:
14
күн
9
сағат
22
минут

Қолайсыз ауа райы: Қызылорда облысында 10-нан астам елдімекен жарықсыз отыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласты. Салдарынан электр сымдарына мұз қатып, желілер үзілген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.   

Бірнеше бағана мен ағаштар құлап, қоғамдық көлік қозғалысы қиындады. Тіпті оннан астам шағынаудан мен елдімекен жарықсыз қалған. Ал мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті. Қазір 18 бригада және 20 арнайы техника қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты екі республикалық және үш облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында барлық автокөлік түріне шектеу қойылды. Сонымен қатар қала ішіндегі де мұз кептелісі, жаңағы көктайғақ болмау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен тиісті тазалау жұмыстары жүргізілуде», – деді Қызылорда облыстық тжд басқарма бастығы Асхат Оразбеков.

Қолайсыз күн райынан өңірдегі бірнеше бағытта жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Мамандар құбылмалы ауа райы үш күн сақталады деп болжап отыр. Ал жолдың жабылуы жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қабылданған уақытша шара екенін айтады.

«Облыста республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына атап айтқанда Түркістан облысынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі аралықта автокөлік қозғалыстарына уақытша шектеу енгізілген. ҚО бойынша 77 арнайы техника тайғаққа қарсы материалдарды себу қарды тазалау жұмыстарын атқаруда», – деді  «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалының бөлім бастығы Нұрлыбек Үсенов.

Оқи отырыңыз: Сабақ үстінде оқушыға қырыңдаған мұғалімге қатысты тергеу басталды

Новости партнеров