Қолайсыз ауа рауы: БҚО-да жолдар жабылды

22.12.2025 21:05

Жүк және қоғамдық көлік түрлеріне шектеу қойылды

Almaty.tv

«ҚазАвтоЖол» ҰК Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл хабарлама жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 20:00–де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылды: 

  • «Ақтөбе- Орал- РФ шекарасы» автожолының 195-246 шақырым аралығындағы ЖП постынан — Сырым бақылау пунктіне дейін; 
  • «Ақтөбе- Орал- РФ шекарасы» автожолының 273-393 шақырым аралығындағы Жымпиты ауылынан Барбастау ауылына дейін.
  •  «Атырау- Орал» автожолының 373-492 шақырым аралығындағы Чапаев ауылынан Орал қаласына дейін.

Сонымен қатар сағат 21:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шек.» 4-104 шақырым аралығы (Орал қаласынан РФ шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. 

"Жолды 2025 жылғы 23 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметтері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді