Қордай бекетінде заңсыз әкелінген 1000 кг үйрек еті мен 32 кг уылдырық анықталды

АШМ
АШМ

Өнім кері қайтарылып, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Қордай» ветеринарлық бақылау бекетінде Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясы жануар өнімдерін заңсыз тасымалдау жағдайларын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алғашқы оқиға Қырғызстаннан 1000 кг құс етін (үйрек етін) елге әкелуге байланысты. Жүк көлігін тексеру барысында өнімнің арнайы белгісінің жоқтығы, көліктің ветеринарлық талаптарға сай келмейтіндігі және құжаттарда дұрыс ақпарат болмағандығы анықталды", — делінген хабарламада.

Өнім кері қайтарылып, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.

"Одан кейін Қырғызстан азаматының қол жүгі тексеріліп, онда 32 кг (162 банка) уылдырықтың құжатының жоқтығы анықталды", — делінген АШМ хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматы метрополитені 200 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады

 

Новости партнеров