Автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Министрлік өкілдері, Қазақстан азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.
Оқи отырыңыз: Атырауда жол сақшылары жылдамдық асырған 1,5 мыңнан астам жүргізушіні анықтады