Өңірде ауа райының күрт нашарлауынан жолдар жабылған
Қостанай облысында отызға жуық адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өңірде ауа райының күрт нашарлауынан жолдар жабылған. Ал ескертуді елемеген жүргізушілер діттеген жеріне жете алмады. Төтеншеліктер демалыс күндері жолда қалған көліктерді сүйреумен әлек болды.
Мамандар тұрғындарды қар жауып, боранда алыс жолға шықпауға шақыруда.
«Құтқару жұмыстарының нәтижесінде 28 адамға көмек көрсетілді. Оның екеуі –бала. Өте қиын жағдайда жолда қалған он адамға да дер кезінде көмек жетті. Қар құрсауында қалған 16 жеңіл көлік пен, бір жүк көлігін сүйреп шығардық», – деді облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Айдос Ахметов.
Оқи отырыңыз: Батпаққа батқан ауыл: бесағаштықтар медігер жұмысына наразы