Референдумға дейін:
18
күн
20
сағат
13
минут

Батпаққа батқан ауыл: бесағаштықтар медігер жұмысына наразы

Балшыққа былғанған жұрт көліктерін сағаттап саздан сүйреп әлек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы Бесағаш ауылының тұрғындары батпаққа батып, жол азабын тартуға мәжбүр. Өйткені жаңбыр жауған сайын көшеде жүрген көліктің бәрі лайға тіреліп, қозғалыс тоқтайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Балшыққа былғанған жұрт көліктерін сағаттап саздан сүйреп әлек. Олардың айтуынша, бұл – жай батпақ емес, қаржылай шығынға бату. Себебі, көбіне автокөліктерге зақым келеді.

«Өткен аптада көшелердің бірімен келе жатып, көлігіммен батпаққа әбден батып қалдым. Қайта көршілерімнің болғаны жақсы болды, оларды шақырып, машинамды әрең шығарып алдық», – деді Бесағаш ауылының тұрғыны Виталий Тен.

Бұл – екі жылдан бері ауылға су жүргізіп жатқан құрылыстың салдары. Тұрғындардың сөзінше, тіршілік нәрінің құбырын орнатып жатқанда мердігер компания жолдарды қазып, ойған жерін бітемей кететін көрінеді. Салдарынан, нөсер құйғанда шұңқырға су толып, батпақтан аяқ алып жүру мүмкін емес.

«Су құбырын тартып жатыр. Олар біресе суды, біресе кәріз құдығын жарып жібереді. Қазған жерін қайтадан көмбей, арттарынан жүгіреміз. Бақылау органы қызметкері сияқты «жерді тазалап жіберіңдер, ана қоқысты жинаңдар» деп жүмышылардың соңынан тексеріп жүреміз», – деді Бесағаш ауылының тұрғыны Қанат Әкішев.

  Ал жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, су құбырын орнату жұмыстары қаражат тапшылығынан кейінге шегеріліп келіпті. Дегенмен ауыл әкімі «мердігер компания қазған жолдарды ашық қалдырмай, орнына тас төсейді» деп түсіндірді.

«Жер қазылғаннан кейін құбыр салса, жөнделіп шыға келетін дүние емес. Екі жылға жоспарланған жоба. Қыстыгүні қазылған, қазір тоң кетіп құлап жатыр, еріп жатыр. Бірақ компания өз шамасымен талай көшеге қиыршық тас төсеп, жөндеп жатыр», – дед» Бесағаш ауылдық округінің әкімі Ернар Жүнісов.

Әкімнің айтуынша, су құбырын орнату наурыз айының соңына қарай аяқталады. Алдымен, оны қысыммен тексеріп көреді. Ал тегіс тасжол төсеу жұмысын жаз мезгілінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Айдана Шалқар, Думан Дәулетбақұлы, Алматы облысы

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында пәтер тонаған қылмыстық топ қолға түсті

Новости партнеров