Қостанай облысының Қарасу ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үш адамды қар құрсауынан аман алып қалды. Оқиға жеңіл автокөлік қарға батып қалған кезде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
ТЖМ мәліметінше, 2025 жылдың 16 желтоқсанында Қарасу ауданында үш адам мінген көлік қарға батып, қалып қойған.
Шұғыл көмекке аттанған құтқарушылар оқиға орнына арнайы «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен жетті.
Олар жол талғамайтын көлікпен шамамен 90 шақырым жолды жүріп өтіп, адасқан азаматтарды тапты.
Құтқарылған азаматтар эвакуацияланып, Есіл елді мекеніне жеткізілді. Оларды С. Серіков атындағы мектеп-интернат базасында ұйымдастырылған жылыту пунктіне орналастырды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ қысқы кезеңде жолға шығарда сақтық шараларын қатаң сақтауды және ауа райының жағдайын міндетті түрде ескеруді тағы да еске салады.
Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: жолда қалған азаматтар үшін 1681 жылыту пункті дайын