Қостанайда автобус бұзылып, 25 адам қауіпсіз жерге жеткізілді

18.11.2025 14:21

Олар Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына қарай жол жүріп бара жатқан

ТЖМ

Бүгін 112 нөміріне Қостанай облысының Федоров ауданынан 10 шақырым қашықтықтағы республикалық маңызы бар «Алматы–Екатеринбург» автожолында шетелдік азаматтар мінген автобус бұзылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес көлікте барлығы 66 адам болған, оның 2-і бала. Олар Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына қарай жол жүріп бара жатқан.

"Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жұмылдырылып, 25 адамды, оның ішінде 1 жүкті әйел мен 2 баланы Федоров ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді. Сонымен қатар, жол қызметі бұзылған автобус пен оның ішіндегі адамдарды Федоров ауылына дейін сүйреп жеткізді", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Түркістанда полиция қызметкері бір адамды атып, мерт қылды