Қостанайда Ботай мәдениетінің мұрасы таныстырылды

14.08.2026 17:35

Экспозицияға тастан, сүйектен және қыштан жасалған 139 археологиялық жәдігер қойылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қостанай қаласының 147 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» атты көшпелі көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, экспозицияға тастан, сүйектен және қыштан жасалған 139 археологиялық жәдігер қойылды. Сондай-ақ келушілер назарына тақырыптық көркем туындылар мен ежелгі қоныстың макеті ұсынылды.

Көрме қонақтары энеолит дәуіріндегі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен, қолөнерімен және мәдениетімен танысып, жылқыны қолға үйрету тарихы туралы мол мағлұмат алды.

Археологиялық материалдар Ботай мәдениетінің Ұлы Дала тарихындағы орны мен маңызын тереңірек танытуға мүмкіндік берді. Көрмені ежелгі мәдениеттерді зерттеп жүрген шетелдік мамандар да тамашалады.

Бағдарлама аясында Қазақстан тарихы мен археологиялық мұрасына арналған шеберлік сабақтары, танымдық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз: Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Толық көрсету