Зертханалық сараптама қожалықтағы малдың бруцеллезге шалдыққанын растаған
Қостанай облысында шаруа қожалығы бруцеллез жұқтырған ірі қараны санитариялық союға жібермеген. Енді оны сот арқылы міндеттеуге тура келіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы Денисов ауданындағы шаруа қожалығына қарсы сотқа талап-арыз берген.
Инспекция фермерді ауру жұқтырған малды санитариялық союға жіберуге міндеттеуді сұраған. Десе де белгіленген мерзімде бұл талаптар орындалмаған. Бұған дейін зертханалық сараптама қожалықтағы малдың бруцеллезге шалдыққанын растаған.
"Ауру жұқтырған малдың болуы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікке қатер төндірген. Жауапкер зертханалық талдау нәтижелерін жоққа шығаратын ешқандай дәлел ұсынбаған. Сот талап-арызды толық қанағаттандырды. Енді шаруа қожалығы малды санитарлық союға жіберіп, олар ұсталған қора-жайды тазалап, залалсыздандыруға міндетті", - деді Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина.
Оқи отырыңыз: Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек