Ұсталған шенеунік білім беру саласында 2006 жылдан бері қызмет еткен
Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды. Маман бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ұлттық қауіпсіздік қызметі департаменті шенеуніктің жұмыс кабинеті мен үйінде тінту жүргізген. Қазір Қостанай қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала дерек бойынша, күдікті мектептерге бөлінген бюджет қаражатын қолды қылған. Ұсталған шенеунік білім беру саласында 2006 жылдан бері қызмет еткен. Соңғы бес жылда Қостанай қалалық білім бөлімін басқарған.
«Тергеу органы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысын ұстады. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген Қостанай облыстық Прокуратурасының хабарламасында
Оқи отырыңыз: Ауқымды конституциялық реформалар рухында: Мәжіліс рақымшылық туралы заң жобасын мақұлдады