Қостанайда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды

Polisia.kz
Polisia.kz

Мұндай сәтте әр секунд қымбат 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кешкі уақытта "102" арнасына куәгерлерден шұғыл хабарлама келіп түсті: Қостанай қаласындағы үлкен көпір маңында Тобыл өзенінде ер адамның батып бара жатқаны туралы ақпарат берілген. Мұндай сәтте әр секунд қымбат.

Оқиға орнына алғашқы болып патрульдік полиция батальоны взводының командирі Медет Қойшегұлов жетті. Уақыт оздырмай, полиция қызметкері суға секіріп, зардап шегушіні құтқаруға кірісті. Полицейдің батыл әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде 34 жастағы ер адам судан аман-есен шығарылды.

 Қажетті медициналық көмек көрсету мақсатында зардап шегуші дереу медициналық мекемеге жеткізілді. 

"Жабдықталмаған орындарда суға түсу және судағы қауіпсіздік талаптарын елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін", - деп ескертеді полиция.

Оқи отырыңыз: Үкімет ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті

Новости партнеров