Кәсіби біліктілік пен сыни ойлау: Алматылық мемлекеттік қызметкерлер пікірсайыс турнирінде бақ сынады

09.10.2026 21:56

Турнирге 8 команда қатысып, іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үздіктер финалда бақ сынады

«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Алматыда мемлекеттік қызметкерлер арасында осындай тақырыпта пікірсайыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Турнирдің мақсаты – мамандардың кәсіби және жеке қабілетін дамыту, сыни ойлау, талдау, көпшілік алдында сөйлеу және өз ұстанымын дәлелдер арқылы қорғау дағдыларын жетілдіру.

Сондай-ақ «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу. Турнирге 8 команда қатысып, іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үздіктер финалда бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

«Жемқорлыққа қарсы қалай күресу керек, әдеп жөніндегі этиканы қалай сақтау керек? Бұл – сайыста мән берілген мәселелер. Әрі қарай республикада өтеді. Алматыда мемлекеттік қызметте өте білімді, тәжірибелі азаматтар жұмыс істейтінін байқадық, олар алдағы байқауда орнын көрсетеді деп ойлаймын», –  деді мемлекеттік қызмет ардагері Бахтияр Камалұлы.

Оқи отырыңыз: Әкімнің қабылдауында: Алматыда ерекше баланың анасына баспана беріледі

Толық көрсету