Кәсіби медиаторлар мерекесі: этномәдени бірлестік басшылары бас қосты

Шешкен билер мен ақсақалдар кеңесіне негізделген медиацияның рөлі қоғамда жыл өткен сайын артып келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміз бойынша медиация күні аталып өтіп жатыр. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестік басшылары мен түрлі қоғамдық ұйым өкілдерінің басын қосып, Алматыда іс-шара өткізді, деп хабарлайлы Almaty.tv.

Жиында ұлтаралық немесе этностық қайшылықтар негізінде туындайтын қақтығыстарды реттеудің ерекше тәсілі саналатын медиацияның маңызы сөз болды. Азаматтардың кез келген жанжалды шешу барысындағы ымыраға келуге дайындығы қоғамның құқықтық мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді. Бір ауылдың ғана емес, бүтін елдің тағдырын бір ауыз сөзбен шешкен билер мен ақсақалдар кеңесіне негізделген медиацияның рөлі қоғамда жыл өткен сайын артып келеді.

«ҚХА  арнайы медиатор кабинетін ашып,  насихаттап отыр. Сотқа қарағанда тиімді жол екенін, дауды аз ғана  уақытта реттеп алатын медиатор екенін халыққа жеткізіп, жұмыстар жүргізілді», – деді Алматы қаласы ҚХА этномедиация кеңесінің төрағасы Жанділдә Жақыпов.

Оқи отырыңыз: Алматы - түркі әлеміндегі жастар қаласы

 

     

 

Новости партнеров