Кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған: Атырауда блогер ұсталды

06.06.2025 12:17

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

polisia.kz

Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырауда 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Оқи отырыңыз: Біреуі - бала: Петропавлда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты