Құқықтық мемлекет құру – айбынды бабаларымыздың қастерлі мақсат-мұраты - Президент

Ақорда
Ақорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құқықтық мемлекет құру – айбынды бабаларымыздың қастерлі мақсат-мұраты болғанын тарихтан бәріміз жақсы білеміз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, халықпен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сонымен еліміздің алдында өте биік және күрделі мақсаттар тұр. Біз табанды еңбектің арқасында оның бәрін орындауымыз керек, бұған ешқандай күмән болмауға тиіс. Көп ұзамай Парламент қарауына Президент, Құрылтай, Халық кеңесі, Астананың мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңа 5 конституциялық заң ұсынылады. Құрылтай, Халық кеңесі институттары арқылы халық билігінің озық үлгісі қалыптасады. Біз тарихи тағдырымызда ерекше орын алған Ордабасы құрылтайының 300 жылдығында жаңа Конституциямызға сай Құрылтайды қайта жаңғыртатын болдық. Мұның да символдық мәні бар. Сонымен қатар 8 конституциялық заңға және 60-тан астам заңға, соның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізу қажет болады. Осының бәрі болашағымызға күшті ықпал етері анық. Қазақ елі сан ғасыр бойы бірегей дала заңымен өмір сүрді. Құқықтық мемлекет құру – айбынды бабаларымыздың қастерлі мақсат-мұраты болғанын тарихтан бәріміз жақсы білеміз», - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Жанашыр ұрпақ қана Қазақстанның көркеюіне мол үлес қоса аладв - Мемлекет басшысы

Новости партнеров