Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды

22.10.2026 13:35

Атырау облысында жеті теміржол вокзалы жаңартылған

Фото: Атырау облысы әкімдігі

Республика күні қарсаңында Құлсары қаласында жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді. 1970 жылдан бері жұмыс істеп келген ескі ғимараттың орнына салынған жаңа вокзалдың аумағы бұрынғыдан төрт есе үлкен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мұнда жолаушыларға арналған күту залдары, касса, медициналық пункт, ана мен бала бөлмесі және жүк сақтау орны бар. Мүгедектігі бар азаматтарға да қажетті жағдай жасалған.

Құлсары станциясы арқылы күн сайын 10 жолаушылар пойызы өтеді. Олардың қатарында қалааралық, облысаралық және халықаралық транзиттік бағыттар бар. Вокзалдың орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 300 адамнан асады.

Қазір Атырау облысында жеті теміржол вокзалы жаңартылған. Ал республика көлемінде 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны таныстырылды
 

Толық көрсету