Құпияны ашатын уақыт келді: Димаш Құдайберген жанкүйерлерін елеңдетіп қойды
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген сәлден кейн TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, жанкүйерлеріне ешкім күтпеген жаңалықты бөлісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өнер иесі 20 қазанда TikTok желісінде алғаш рет ескертусіз тікелей эфирге шыққанын айтты. Оның айтуынша, эфирге қосылып үлгермей қалған жанкүйерлер реніш білдіргеннен кейін, жаңалықты 21 қазанда айтатынын жазды.
«Кеше алдын ала ескертпестен TikTok-та алғаш рет тікелей эфирге шықтым. Көпшілігіңіз эфирге қосылып үлгермегендіктен, жаңалығымды бүгін айтуды ұйғардым. Астана уақытымен 21:00-де тікелей эфир. Сіздер күтпеген жаңалығым бар, не туралы айтатынымды елесте де алмайсыздар», – деп жазды ол әлеуметтік желісіндегі парақшада.
Оқи отырыңыз: Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады